Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жеңімпаздар марапатталды

0 283

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық орталық мешітінде Құран Кәрімнің І парасын жатқа оқу және азаншылар арасындағы облыстық байқау жеңімпаздары анықталды.

Ізгі шараның марапаттау рәсіміне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай мен облыс бас имамы Болатбек Әбуов қатысып, байқау жүлдегерлерін марапаттады.

Азан жарысында Қайрат Сарыбай топ жарса, Жұбан Әбілқайыр ІІ орын, ал Азиз Серікқали ІІІ орын иеленді. Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша Қалдыбек Әділбек бас жүлдені жеңіп алса, ІІ орын Рахат Баймұратқа, 3-орын Сұлтан Мұхамеджанға бұйырды. Сондай-ақ Құранның І парасын жатқа оқу бойынша Ернар Алғабас жеңіске жетіп, Ұмра қажылығына жолдама алса, Асқар Байпатшаев 1-орынды иеленді. Ал Досхан Мәулен ІІ орынды, Ерасыл Ақжігіт ІІІ орынды қанағат тұтты.

Айта кетейік 120 шәкірт қатысқан байқау жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар табысталды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.