Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мемлекеттік марапатқа ие болды

0 444

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 17 наурызындағы Жарлығы бойынша кейбір діни қызметкерлер де марапатталды.

Батыс Қазақстан облысының бас имамы Бақытжан Құралбайұлы «Құрмет» орденімен, ал «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысындағы өкілі Оңталап Тасболатұлы «Шапағат» медалімен марапатталды.

Қос дін қызметкеріне мемлекеттік марапат өңірдегі татулық пен тұрақтылықты сақтауға үлес қосып, қайырымды істерге белсене атсалысқаны үшін берілді. «Шапағат» медалін Оңталап Тасболатұлына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ақордада өткен мерейлі жиында табыстаса, Бақытжан Құралбайұлына «Құрмет» орденін БҚО әкімі Ғали Есқалиев табыс етті.

Айта кетейік, Бақытжан Құралбайұлы – 2015 жылдан бастап Ақжайық өңірінде қызмет атқарып келеді, 2021 жылдың мамыр айынан бастап Батыс Қазақстан облысының бас имамы. Ал Оңталап Тасболатұлы – дін қызметінің ардагері, «Зекет және қайырымдылық» қоры құрылған күннен бастап Сыр өңіріндегі өкіл болып қызмет атқарады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.