Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Кімнің дұғасы қабыл?

0 703

Бір мұсылманға сырттай дұға етуші мұсылманның дұғасы қабыл.

”Бір мұсылман екінші мұсылман бауырына сырттай дұға етсе, періштелер оған: “Сол нәрсе саған да болсын!”, – дейді.

Әбу дардадан (р.а.) имам Мүсілім риуаят етті.

 

Әулиелер мен ізгі адамдардың, ата-анасына дұға етуші ізгі ұрпақтың дұғасы қабыл.

”Расында, Алла Тағала (ізгі ұрпақтың дұғасымен) пенденің дәрежесін көтереді. Сонда пенде: “Бұл ненің себебінен?”, – деп сұрайды. Алла Тағала “Сенің әулеттеріңнің дұғасы себепті”, – деп жауап береді”.

Әбу Һурайрадан (р.а.) имам әл-Базар жеткізген.

 

”Пайғамбарымыз Мұхаммедке (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болғай!): “Йә, Алланың Елшісі (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болғай!), дұғаның қайсысы қабыл болуы ықтимал?” делінгенде, Ол кісі (Алланың салауаты мен сәлемі болғай!): “Түннің соңғы бөлігі мен парыз намаздың соңындағы дұға”, – деп жауап береді”.

Әбу Үмәмәдан (р.а.) Бәйһақи жеткізген.

 

Қари “әмин” дегенде, сендер де “әмин” деңдер.Себебі, періштелер де “әмин” деп тұрады. Кімнің “әмин” дегені періштелердің айтқанымее сәйкес келсе, оның өткен күнәлары кешіріледі”.

Әбу Һурайрадан (р.а.) имам әл-Базар жеткізген.

”Иман” журналының 2022 жылғы З санынан алынды.

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.