Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Уақып» қоры меншігіне саяжай рәсімделді

0 562

ҚМДБ «Уақып» қорының меншігіне саяжай рәсімделді. Қарағанды қаласының іргесінде орналасқан саяжай тоқтаусыз сауап болсын деген ниетпен Ахметұлы Темірбек марқұмның атынан берілді.

Қызметтік сапар бойынша Қарағанды қаласына атбасын бұрған «Уақып» қорының президенті Ардақ Оразбай мен «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы облыстың бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлымен кездесіп, қажетті құжаттарға қол қойды.

Кездесу барысында «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлы ҚМДБ бөлім басшыларына саяжайды таныстырды.

Айта кетейік, саяжайда егін егуге арналған 6 сотық жер мен 2 қабатты тұрғынүй орналасқан. Алдағы уақытта, осы жерден өсіп шыққан өнімдер қайырымдылық мақсатында таратылады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.