Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алғашқы ауызашар дастарханы жайылды

0 496

Айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айының кіруіне орай, ел мешіттерінде ауызашар дастархандары жайылып, ораза ұстаған мұсылмандар үшін арнайы ас мәзірі ұсынылды.

Бұл үрдіс Елорда мешіттерінде де жыл сайын тұрақты артқарылар игі іс-шаралар қатарында.

Биыл ауызашар дастархандары жамағатпен мешітте жасалып, ораза ұстаушылар үшін арнайы тағам дайындалды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақов алғашқы ауызашар дастарханына қатысып, жамағатты Рамазан айымен құттықтап, ауызашардың мән- маңызына тоқталды.

Ғылмани мешітінде 150 адамға ауызашар жасалса, 50 адамға ауызашар қорабы таратылды.

Бұл игі үрдіс қасиетті айдың соңына дейін жалғасын таппақ.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.