Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Уақып» қорының насихат жұмысы өтті

0 446

Алматы Орталық мешітінде «Уақып» қорының төрағасы Ардақ Оразбай имамдарға арнайы насихат жұмысын өткізді.

«Уақып сарқылмайтын сауап» тақырыбындағы жиынға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы мен аудан имамдары, кәсіпкерлер қатысты.

Ардақ Нүсіпханұлы уақыптың мәнін, мақсатын және қазақ тарихындағы уақыптың орны жайлы кеңінен айтып өтті. Сондай-ақ Нұр-Мүбарак Египет ислам университетінің PhD докторанты, уақып зерттеушісі Қуат Қабдолда уақыптың халыққа пайдасы туралы толығырақ түсіндірді. Одан бөлек еркін форматта сұхбат өтіп, көкейде жүрген сұрақтарға тұшымды жауап берілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.