Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Діни басқарма ұстаздары «Түркістан» телеарнасында сұрақтарға жауап беруде

0 776

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлім басшылары мен мамандары «Түркістан» телеарнасының «Жаңа толқын» ақпараттық-сауықтық бағдарламасына онлайн қатысып, ораза жайлы сауалдарға жауап беруде.

Бір жарым сағатқа созылатын «Жаңа толқын» бағдарламасы қасиетті Рамазан айының құрметіне арнайы айдар ашып, WhatsApp желісі арқылы көрермендерден сұрақтар қабылдаса, діни сауалдарға ҚМДБ ұстаздары ZOOM платформасы арқылы жауап беруде.

Апта басында бағдарламаға Уағыз-насихат бөлімінің маманы Думан Сайфулла онлайн қатысса, бүгін Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл тікелей эфирде оразаға қатысты сұрақтарға жауап берді.

Айта кетейік, Діни басқарма ұстаздары «Жаңа толқын» бағдарламасына Рамазан айының соңына дейін бірнеше рет онлайн қатысады деп жоспарланып отыр.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.