Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Әбдірәлі Бөлебайдың отбасына көңіл айтты

0 864

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы белгілі диктор, телевизия және радио ардагері Әбдірәлі Бөлебайдың туыстарына көңіл айтты.

«Қаралы хабар біздің де жанымызға батты. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан марқұмның туған-туыстарына көңіл айтамын. Қазаның арты қайырлы болсын! Алла Тағала алдынан жарылқап, рақымына бөлегей!

Әбдірәлі Бөлебай өмірін шығармашылыққа, оның ішінде теле-радио саласына арнады. Жаңалықтардың жаршысы болып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Қазақ радиосында өмірінің соңғы сәтіне дейін қызмет етіп, алтын қорымызға құнды таспалар қалдырып кетті. Оның телевизия саласын өркендетуге қосқан үлесі жадымызда мәңгі қалмақ» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.