Алтайға қашып барған Мамырбек төреге:
Е, төре, аман келдің бе?
Әуелі асқан жаман,
Асқаннан сасқан жаман,
Бәрінен де мойнына,
Қоржын салып қашқан жаман, – депті.
Бір сөзінде:
-Жерден кеткен ел тозады,
Елден кеткен ер тозады.
Бәрінен де ұя бұзбай,
Ұйымнан азбай,
Отырған ел озады, – депті.
Тағы бірде:
-Ұлығың сұм болса,
Жігерің құм болады.
Ұлығың жағымды болса,
Халқың бағың болады, – депті.
Бай Оспан Бықыштан көрімдік күткенде:
-Үй – байдың салтанаты, кедейдің жамылшысы. Үйің жақсы-ақ екен. Десе де, үйің қанша жақсы болғанымен жайлауға шықпайды, кебісің қанша жақсы болғанымен төрге шықпайды, – депті жұлып алғандай.
Тағы бір сөзінде:
-Ескексіз қайық жылымға кетеді.
Әділетсіз төре сасқан кезде бір рудан бір руға кетеді, – деген екен.
“Қазақ би-шешендері” кітабынан
Sunna.kz