Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

0 652

Қасиетті айдағы «30 күнге 30 шара» жобасы алуан шаралармен жалғасып келеді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің іс-шаралар легінде қайырымдылық жасау, ауызашар беру, Рамазан сыйын тарату, кездесулер өткізу, уағыз-насихат жұмыстарымен қатар қоғамдық маңызы бар істер де қоса атқарылуда.

Солардың бірі ретінде мешітімізде ардагерлерге құрмет көрсетілгенін айтуға болады.

Бас имам Руслан Байзақов Байқоңыр аудандық Ардагерлер кеңесінің Төрағасы, Өрт сөндіру қызметінің ардагері және ұзақ жылдар Астана Тазалықта еңбек еткен қызметкерін мешітке шақырып, құрмет көрсетіп, Рамазан сыйлығын табыстады.

Ардагерлер қасиетті айдағы құрметке дән риза болып, Алла үйінің қызметіне алғыс білдіріп, имамдарға ақ батасын берді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.