Сенбі, 26 қыркүйек 2026 ж. 15 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:01
Бесін 12:11
Екінті 16:13
Ақшам 18:09
Құптан 19:36
Жаңалықтар

1500 адамға сәресі берілді

27 сәу 2022 1 067 рет оқылды
1500 адамға сәресі берілді

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Қадір түніне орай, сәресі берілді.

Биылғы қасиетті кеште мешітке мыңдаған елордалық жиналды.

Мешіт ұжымы арнайы дайындалған бағдарламалық іс-шаралар легін дайындап, ағайынның бұл түні мағыналы өтуіне күш салды.

Арнайы тақырыптық уағыз-насихат айтылып, намаздар оқылумен бірге Хатым дұғасы жасалды.

Ал, таңға дейін Алла үйінде болған ағайынға сәресідастарханы жайылды.

Таң сәріде мешіт ауласында 1500 адамға арнайы ас мәзірі таратылды.