Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Шәкірттер 60 хатым жасады

0 311

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің қыз-келіншектерге арналған сауат ашу курсының шәкірттері хатым дұғасын жасады.

Қасиетті Рамазан айының тағы бір аты – «Құран айы». Бұл айда Алланың ақырғы Елшісі (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болғай) екі рет хатым жасағаны баяндалады. Сондықтан да, бұл айда әрбір мұсылман Құран құндылықтарын үйренуге басқа айдан бөлекше ден қояды.
Мешітіміздің ұстазы Айгүл Көксегеннің шәкірттері бір айда 60 Құран Хатым жасады.

Рамазан айының соңғы күнінде шәкірттер 59 және 60-хатымның дұғасын жасады.

Іс-шараға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы Серікбол Хаман қатысып, Рамазан айының құндылығы хақында уағыз-насихат айтты.


Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.