Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Дін мен дәстүр ұлықталды

0 601

Ораза айт намазынан кейін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде мерекелік шара ұйымдастырылды.

Мерекенің мазмұнын асырып дін мен дәстүрдің сабақтастығын насихаттау мақсатында жамағат арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өткізілді.

Айт намазына жиналған жамағат арасында қол күресі, ләңгі тебу, гір көтеру, арқан тарту, қой көтеру сияқты аталымдар бойынша ұлттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға мешіт тарапынан бағалы сыйлық берілді.

Мешіт ауласындағы мерекелік шараға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақов қатысып, жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Сонымен бірге, арнайы шақырылған өнер тарландары мерекені дәстүрлі ән-күймен әрлеп іс-шаралардың мазмұнын толықтырып, мерейін асырды.

Ұлттық спорттық ойындардан кейін, жамағатқа айттық дастархан жайылды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.