Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Балалар күні қарсаңында көпбалалы отбасыларға сыйлық жасалды

0 588

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде көпбалалы жандарға қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Мешіттің бас имамы Ерболат Нұрылдаұлының бастамасы негізінде мереке қарсаңында көпбалалы 20 отбасыға демеуші азаматтардың қолдауымен қаржылай көмек берілді. Шара аясында құлшылық ордасының тазалықшылар қауымы да қамтылды.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Нұр-Сұлтан өкілдігі бойынша жауапты қызметкері Мерей Жақия мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Тамирлан Ибраев жамағатқа бүгінгі шараның маңызын түсіндіріп, мерекемен құттықтады. Игі шараға демеушілік танытқан азаматқа көпшілік алдында алғысын білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.