Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Құлагердің бір пысқырғанына да тұрмайды

0 622

70 жылдары Асқар Сүлейменов “Құлагер” фильмнің сценарийін жазады.

Соған байланысты Нұржамал Сақыпова деген кісінің айтуы бойынша:

Авторлық құқықты қорғау бөлімінде істеймін. Бір күні жұмысқа жүріс-тұрысы бөлек,бұрын-соңды ешкімге ұқсамайтын бір адам келді. Танымаймыз.

Фильм сценарийінің қаламақысын алуға келген екен. Кеңес өкіметінің тұсы, Құлагер сияқты ұлттық құндылықтарға көзқарастың кырындау кезі.

Сценарийдің қаламақысына болмашы ақша берілді. Оны азсынғаны, ренжігені түрінен білініп тұрды. Бірақ ештеме демеді.

Оны байқаған бухгалтер:”Сіз мынадай тарихи фильм жазғаннан гөрі советтік өмірді көрсететін ,мақтайтын сценарий жазғаныңызда қаламақыңыз да көп болатын еді” дейді.

Сонда ана кісі тұрып:”Сіздің советтік өміріңіз Құлагердің бір пысқырғанына да тұрмайды” деп шығып кетті…

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.