Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ Төрағасы Қостанай сапарының қорытындысы бойынша сұхбат берді

0 559

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына жасаған сапарының қорытындысы бойынша жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат берді.

«Өздеріңізге белгілі, жыл басында Діни басқарма биыл жеті бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беретінін мәлімдедім. Ол – діни білім және ғылым; уағыз-насихат және ихсан; дін мен дәстүр; ақпарат және ағарту; қоғаммен байланыс; уақып және қайырымдылық; діни оңалту бағыттары. Сапар барысында аталған бағыттар бойынша Қостанай облысында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, дін қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар бердім.

Облыс әкімі Архимед Бегежанұлымен кездесуде осы өңірдегі діни ахуалды талқылап, ортақ мақсат жолында ел игілігі үшін бірлесе қызмет етуге уағдаластық. Сапар барысында Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы сынды тұлғаларымызға арнайы Құран аятын бағыштадық. Имамдармен еркін пікірлесіп, олардың ойын біліп, көкейде жүрген сұрақтарына жауап бердім» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.