Шымкент қаласынан қасиетті мекенге аттанған қажылардың алғашқы тобы Жидда қаласына жетті.
Қажылық рәсімін орындауға келген отандастарымызды ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар мен Жиддадағы Бас консул Талғат Шалданбай қарсы алды.
Наиб мүфти қасиетті орынды зиярат етуге келген қазақстандық қажыларға ізгі тілегін білдіріп, қажылықтың шариғи талаптарымен таныстырып өтті.