Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қажылық уағызы қадағаланады

0 452

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекітуімен қажылықты ұйымдастыратын 14 фирмаға арнайы бөлінген уағызшы имамдарға арналған жиын өтті.

Жиында уағызшы имамдарға өз фирмаларымен келген қажыларға күнделікті уағыз-насихат, дәріс жүргізу кестелерін құру, ақпараттық-насихаттық хабарламалар таратып, қажыларды уағыздар мен дәрістерге қатыстыру тапсырылды. Басқосуда сондай-ақ уағыз-насихат жұмыстарын ҚМДБ ұстанып отырған Ихсан ілімі негізінде, сабырлыққа, байсалдыққа, тақуалыққа тәрбиелейтін тақырыптарды көбірек қамтуға тапсырма берілді.

Жиынды Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Ершат Оңғар жүргізіп, уағызшыларға тиісті тапсырма берсе, Бас мүфтидің кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров отандық қажыларды жат ағым ықпалынан сақтау, уағыз айтуда тиімді тақырыптарды пайдалану жайлы ұсыныс-пікірін айтты.

Айта кетейік, қажылық сапар алдында ҚМДБ Орталық аппаратында «Қажылық-2022» уағызшыларының біліктілігін арттыруға арналған семинар өткен болатын. Семинарға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, имамдарға арнайы міндет жүктеді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.