Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Арапа күнінің ораза кестесі (2022)

0 388

Алла қаласа, ертең, 8 шілде – Арапа күні. Бұл күні орындалатын ең ізгі амал – ораза тұту. Әрбір мұсылман баласы шама келгенше осы күнді оразамен өткізгені абзал.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Имам Мүслім жеткізген хадисте: «Арапа күнгі ораза арқылы Алла Тағаланың өткен және келер жылғы күнәларды кешіруін үміт етемін» деп айтқан.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ірі қалалар мен облыс орталықтарының Арапа күнгі ораза және намаз кестесін ұсынып отыр. Алла Тағала ниеттеріңізді қабыл етсін!

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.