Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, хан Қараман Тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.
— Балалар, аман ба? – депті де, елемей, өздері сөйлесе беріпті.
Сырым Жолдасына дауыстап:
— Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой, – дейді.
Сонда Малайсары жалт қарап:
— Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без,
Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.
Сырнайдай сайраған мына бала кім еді? – дейді.
— Ата тұрып, ұл сөйлесе, ержеткені болар,
Ана тұрып, қыз сөйлесе, бойжеткені болар.
Ата балаға кесір болса, кері кеткені болар, – дейді Сырым.
— Сен толған екнсің, мен тозған екенмін, – деп, Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен.
”Қазақ философиясы” кітабынан
Sunna.kz