Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Азаматы бір бөлек

0 940

Қазақта «Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек. Тұлпарда да тұлпар бар, қазанаты бір бөлек» деген сөз бар. Басқаша «Жылқы ішінде жүйрік көп қазанаты бір бөлек, ел ішінде жігіт көп, азаматы бір бөлек» деп те айтады.

Жігіттіктің бір жоғары деңгейі – азамат болу. Әсілі, жалпақ тілде азамат деп кәмелетке толып, ер жеткен бозбаланы айтады. Ал түпкі мағынасы кәмелет жасқа жетіп, үйленіп, өз еншісін алған, туыстарынан тәуелсіз жанды айтады.

Ең бастысы, қолына қару ұстап, елін қорғауға аттанатын, ел тағдыры мен жер тағдыры үшін намысын жыртатын биік жауапкершіліктің иесі, толыққанды ер.

Махамбетше айтқанда:

Арғымақ, сені сақтадым,

Құлағың сенің керек деп,

Азамат, сені сақтадым,

Бір күніме керек деп.

Базар жырау азаматтың сынын былайша жеткізеді:

Азамат ерден қол үзбе,

Күндердің күні болғанда,

Басыңа қиын іс түссе,

Қайырылмай саған кетпейді.

Осы    ұғымдардың    барлығы    шынайы мұсылманшылық  рухымен  біте  қайнасып  жатыр.

Сірә, ұлы істерге дайын болған хас жігіттерді халқымыз солай атаса керек.

«Дін мен дәстүр» кітабынан

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.