Асаубай ел аралап жүріп бір топ жиынға кездесіпті. Бұл кезде шешендіктен Асаубайдың аты шығып, орта жастан асқан кезі болса керек.
Әлгі көптің ішінде біреуі: “Сыртыңыздан дабысыңызға қанық, жүзіңізге танық едік. Өзіңізге тартқан ізбасар жақсы балаңыз бар ма?”, – деп сұрапты. Сонда Асаубай:
Бір балам бар Қамбар,
Шығар-шықпас жаны бар.
депті.
Бір балам бар Райыс,
Иі жетпеген қайыс.
Бір балам бар Біләл,
Азғана қажығалының баласын танып,
Өзім жоқта дәм беріп,
Аттандырар
деген үмітім бар, – депті.
Балаларын таныған әкенің сөзі болса керек.
“Қазақ халқының философиялық мұрасы” кітабынан
sunna.kz