Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Тұтынушыны алдамау

0 672

Қоғам болғандықтан өміріміздің бір бөлшегін сауда-саттық құрайды.

Саудагер, тұтынушыға саудада берген сөзін орындап, тауардың сапасын сол қалпында айтып, кемшілігін жасырмауы тиіс.

Өлшеп, тартқан кезде де қулық жасаудан аулақ болған дұрыс.

Шұғайып Пайғамбарға (Алланың сәлемі болсын!) қатысты Құранда былай делінеді:

“Мәдиян халқына да бауырлары Шұғайыпты Пайғамбар етіп жібердік. Ол былай деді: “Ей, қауымым! Аллаға құлшылық етіңдер. Сендердің одан басқа ешбір тәңірлерің жоқ. Өлшеу-тартуды (таразыны) кемітпеңдер. Мен сендерді молшылықта көрдім. Сен сендер үшін барлығын қамтушы күннің азабынан қорқамын” (“Һуд” сүресі, 84-аят).

Саудагердің маңызды қасиеті, сөзіне және келісімдеріне адал болуы. Өйткені, оның абыройы мен беделі осылайша қорғалады.

Бір тауардың нақты құнын жасырып, сапасыз бір затты, жақсы сапалы тауар сияқты сатылымға қою, арам әрі күнәлі іс болып саналады. Мұндай жағдайда үш түрлі күнә жасалады:  Тұтынушыны алдау, өтірік айту және артық ақша алу. Бұлардың үшеуі де тыйым салынған істер.

“Иман” журалы, 2022 ж. №6 сан.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.