Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Пәктігінен айырылған бойжеткенге үйленсе бола ма?

0 1  721

Сұрақ: Мені мазалап жүрген бір сұрақ бар еді. Шариғат бойынша «қыз емес» қызға үйленсе қалай болады және оның болашақ ұрпағына әсері бола ма?

Жауап: Шариғат бойынша пәктігінен айырылған қызға үйленудің еш әбестігі жоқ. Оның болашақ ұрпаққа тигізер зияны да жоқ. Алайда, қыз күйінде алынған әйел абзал және соған басымдылық беріледі.

Оны Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұрын тұрмыста болған әйелді алған Жабирге (р.а.): «Саған ойнап күлетін жас қыз табылмады ма?» –  деп қойған сұрағынан байқауға болады.[1]

Мақсатбек Қайырғалиев

«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы

kazislam.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.