Бірде Мөңке би Сырымға өмірдің түйткілді мәселелерәне қатысты былай деп үш сұрақ қойыпты:
— Таудан биік не бар?
Судан терең не бар?
Оттан өткір не бар?
Сұрақтарын естіген Сырым бұл сұрақтарға былай деп жауап қайырыпты:
— Таудан биік көңіл бар,
Теңізден терең ғылым бар.
Оттан өткір қайғы-зар бар.
«Қазақтың би-шешендері» кітабынан
Sunna.kz