Керуен жүрісіменен, яки жаяу жүрісіменен үш күндік жерге бармақшы болған жолаушы ауылынан былай шыққан соң, төрт ракағат парыз намаздарды екі ракағат қылып оқиды.
Бесін, екінті, жашиқ үшеуінің парызын ниет атқанда “пәлен намаздың қасара парызын оқымаққа ниет қылдым” дейді.
Егер бұл қасара оқушы біреуге ұйып оқыса, сол ұйыған кісі түгел оқитұғын кісі болса, соныменен бірге түгел оқиды.
Егерде қасара оқымайтұғы кісі қасара оқитұғын кісіге ұйып оқыса, қасара оқушы имам сәлем бергенде, қасара оқымайтұғын ұйығандар түрегеліп, қалған екі ракағатын өздері имамсыз оқиды… Бірақ, қасара оқитұғын кісі имам болмақшы болса, “мен қасара оқимын” деп айту керек.
“Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары” ІІ томынан.
sunna.kz