Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Шәкірттер Құранға түсті

0 370

Сауат ашу жұмыстарын жандандыру бір жағы діни сауаттылықты жоғарылатса, екінші жағынан жат ағымдардың алдын алу, дұрыс діни ақпарат беру жұмыстарында да өзіндік мәнге ие.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жыл басында сауат ашу жұмыстарының жаңа маусымы ашылған болатын.

Мешіттің Әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі Айгүл Көксегеннің алдынан білім алған 25 шәкірт Құран әліппесі мен тәжуид ілімін тәмамдап, Құранға түсті. Осыған орай, мешітте арнайы рухани шара өтті.

Шараға Бас имам Руслан Байзақов, Рахматулла Оразұлы, Серікбол Хаман қатысып, шәкірттердің білім жолындағы сапара сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Шәкірттерге арнайы тақырыпта уағыз айтылып, Құранның маңызы мен мәнін түсіндіріп, шәкірттерді жетістіктерімен құттықтады.

Шара аясында шәкірттерге арнайы сыйлықтармен қоса, Құран Кәрім кітабы тарту етілді. 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.