Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Болымсызға бақ қонса…

0 247

Бектер болса ессіз,

Бұзылады ескі із.

Берейін деген құлына,

Айдап салар жолына.

Бермейін деген құлына,

Іздесе табылмас пұлына.

Берер Тәңір талап қылсаң,

Не табарсың қарап тұрсаң.

Би баласы биге ұқсар,

Биік-биік тауға ұқсар.

Хан баласы ханға ұқсар,

Қанатын жайған қазға ұқсар.

Бай баласы байға ұқсар,

Байланбаған тайға ұқсар.

Бидай еккен, арпа ормас.

Бойра тоқыған зерігер болмас.

Болмағанға болыспа.

Болымсызға бақ қонса,

Сол күні жоғалтады.

Бос сөзбен қараңғы адам семіреді,

Сол әдет қара басты кеміреді.

Бөрінің қартайса да, бір қойлық әлі бар.

Бұ заманның ісін есті кісі бітірмейді, епті кісі бітіреді.

Білген кісінің ісі байыпты.

Білмегенге алтыннан да пайда жоқ.

Білікті биік тұт,

Ұғымды ұлы тұт.

Бір етікке екі аяқ симас.

 

“Бабалар сөзі” көптомдығынан

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.