Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ақмола облысында жаңа мешіт ашылды

0 174

Ақмола облысы Ерейментау ауданының Еркіншілік ауылында жаңа мешіт ашылды.

Мешіттің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, игі тілегін жеткізді.

«Бүгін Еркіншілік ауылы мен күллі мұсылман қауымы үшін ерекше күн. Құлшылық үйі жамағатқа есігін айқара ашып, ауыл тұрғындарының рухани өміріне серпін бергелі тұр. Жаңа мешітіміз құтты болсын, ардақты ағайын!

Біздің қазақ «Азаны бар ел азбайды, бірлігі бар ел тозбайды» деген. Аллаға шүкір, еліміздің көптеген аймағында осындай сәулетті мешіттеріміз ашылып жатыр. Алла жаңа мешітімізді құтты еткей» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.