Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт қызметкеріне Ұмра сертификаты табысталды

0 220

ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қоры Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы Әуезов аудандық “Ақсай” мешітінің ұйытқы болуымен 10 жылдан астам қызмет етіп, дәретхана тазалап келген Сапарбекұлы Әмірсейіт ағамызға тосын сый ретінде ұмра сертификаты табысталды. Әуезов аудандық “Ақсай” мешітінің бас имамы Бахтияр Қасымалиев және  “Зекет және қайырымдылық” қорының Алматы өкілдігі бойынша жауапты маман Пернебекұлы Темірбек демеуші азамат көмегімен Сапарбекұлы Әмірсейіт ағамызға ұмра сертификатын табыстап, ақ жол тіледі. Тосын сыйды күтпеген Сапарбекұлы Әмірсейіт ағамыз қатты қуанып, көз жасына ерік берді. Демеушілік көрсеткен жомарт ағамызға және ұйымдастырушы жандарға ризашылығын білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.