Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Маңғыстау: Бес бала қуанышқа бөленді

0 330

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Маңғыстау облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасының 588-баспанасы табысталды.

Өмір болған соң ақ пен қарасы бірге жүреді. Осындай өмірлік жағдай Мұнайлы ауданында орын алып, әке-шешесінен ерте айырылған бес бірдей бала ата-әжесімен бірге уақытша шаңырақта өмір сүруге мәжбүр болған. Мұны естіген жергілікті дін қызметкерлері және жамағат қазақ халқының «жетімін жылатпаған ел» екенін тағы бір дәлелдеді.

Нәтижесінде имамдар бастап, жергілікті жомарт жандар қостап, халықтың көрсеткен демеушілігінің арқасында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Іздібай Бегенұлы және аудан бас имамы Руслан Сағынтайұлы осы отбасыға жаңа шаңырақтың кілтін табыстады. Бұдан бөлек қоныс иелеріне қажетті тұрмыстық техника, жиһаз, ыдыс-аяқ тарту етілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.