Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Сарыағаш» медресе-колледжінде семинар өтті

0 660

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Түркістан облысындағы «Сарыағаш» медресе-колледжінде шәкірттерге арналған оқу-семинары ұйымдастырылды. «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының жетекшілігімен өткізілген семинарға жергілікті ұстаздар да қатысты.

Оқу-семинар барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген Айбек Асқарбекұлы: «Алла Тағала адамзат баласына көл-көсір нығметтер беріп, жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара жігін ажыратып көрсеткен. Алла пендесі үшін нені халал десе, ол сырда қайыр мен хикмет бар, ал нені харам десе, онда адам ғұмыры үшін ұшан-теңіз зиянның бар екендігі күмәнсіз. Осы турасында Құран Кәрімде: «Уа, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!», «Алланың өздеріңе халал әрі таза етіп берген ризықтарынан жеңдер!» делінген», – деп халалдың салмағы мен маңызы жөнінде мағұлмат берді.

Халал өнімдер технологиясы мен стандарт талаптары, «QMDB Halal» сертификатының артықшылығы мен ерекшелігі, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде баяндады.

Семинар соңында, шәкірттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, Айбек Асқарбекұлы шәкірттерді халал индустриясын дамытуға ат салысуға шақырды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.