Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қонаев қаласында аймақтық ақсақалдар форумы өтті

0 551

Алматы облысының орталық Қонаев қаласында «Қариялар – қазығы дәстүрімнің» тақырыбында аймақтық Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарының ақсақалдар форумы өтті.

Форум жұмысына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбекұлы, белгілі жазушы, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Смағұл Елубай, ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Марат Тоқашбаев т.б. зиялы қауым өкілдері мен имамдар қатысты.

Форумда сөз алған облыс әкімі Марат Елеусізұлы Діни басқарманың игі бастамасына сәттілік тілеп, жүрекжарды лебізін жеткізді.

Басқосуда баяндама жасаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның. Салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне ерекше мән берген елдің іргесі берік, келешегі кемел. Ал өзінің тілі мен дінін, салт-дәстүрін ұмытып, оның орнына өзгенікін сіңіріп алған жұрттың болашағы жоқ. Ислам діні де мұны құптамайды. Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылмандардың өзге халықтардың теріс әдет-ғұрыптарына еруіне тыйым салған» дей келе, ел ағаларын жастар арасында дәстүрді көбірек дәріптеуге шақырды.

Мінберде сөз сөйлеген зиялы қуым өкілдері жұртшылықты елдің болашағын жарқын ету жолында бірлесе қызмет етуге үндеді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.