Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт ұжымы ерекше балаларға қайырымдылық жасады

0 237

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұжымы Астана қаласы №3 ерекше балаларға арналған арнайы мектепке барып, қайырымдылық жасады. Республика күні мерекесіне орай арнайы мектептер арасында спорттық ойындар ұйымдастырылды. Спорт ойындарына мешіт ұжымы демеушілік жасап, керекті барлық спорттық жабдықтарды сыйға тартты. Мешіттің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы бастаған мешіт қызметкерлері арнайы мектепке келіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Ерекше қабілетті, мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлаған мешіт ұжымына мектеп басшылығы мен ата-аналар алғыстарын айтып, дән риза болды.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.