Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Пайғамбардың (с.ғ.с) Аллаға деген махаббаты

0 569

Пайғамбарлар Аллаға бағынуға жұртты екі жолмен шақырған. Бір тобы Алланың жалалы (ұлылығы) мен күшін көріп, адамдарды Алланың ашуымен және азабымен қорқытып, Аллаға бағынуға шақырған.Бұларды «Мунзирин» дейді. Мәселен Хазіреті Нұх (аләйһиссәләм), Хазіреті Мұса (аләйһиссәләм) сияқтылар. Ал, келесі топ Аллаһтың жамалы мен жақсылықтарын айтып, адамдарды мейірім, махаббат, ғашықтық және жәннатпен қуантып, Хақ жолына шақырған. Олар Хазіреті Яхия (аләйһиссәләм), Хазіреті Иса (аләйһиссәләм) сияқтылар. Екі топ та өздері жіберілген кезеңнің қажеттілігіне сай қасиеттерге ие болған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) – осы екі ерекшелікті тең дәрежеде ұстай білген пайғамбар. Осыған байланысты Құранда: «Сөзсіз, біз сені рахметімізбен қуантушы, ал азабымызбен қорқытушы қылып, хақ болған Құранмен жібердік», – делінген.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Құран тілімен айтқанда «өткен және алдағы бүкіл күнәлары кешірілгендігі» жайында хабарланған пайғамбар екендігіне қарамастан, қозғалмастан аяқтары ісіп кеткенше түнгі намазын оқитын. Мұны көрген әйелдері Одан: «Ей, Расулалла! Сен Алланың кешіріміне бөленген пайғамбарсың. Өзіңді неге мұнша қинайсың?» – деп сұрағандарында, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай жауап береді: «Бұл үлкен нығметтің шүкіршілігін өтеу керек емес пе?».

Бұл хадис Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) құлдығы мен ғибадатының Алладан қорыққанынан емес, Аллаға деген махаббаты және құлшылыққа деген құмарлығынан болғанын көрсетеді. Өйткені Ол үшін оқылған екі рәкағат намаздан алған ләззаты дүниедегі бар ләззаттардан артық еді. Құранның баяндауы бойынша имандылар үшін Аллаға деген махаббат барлық нәрседен жоғары, мәртебелі болады. «мүминдердің Алланы сүюі – барлық нәрседен мәртебелі».

материал «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) және Оның күнделікті іс-әрекеттері» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.