Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алла Елшісінің (с.ғ.с) күнделікті шаруасы мен іс-әрекеттері

0 537

Имам Тирмизи «Шәмайл» деген жазбасында Хазіреті Әлиден (радиаллаһу анһу) қалған нақыл бойынша Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) күнделікті уақытын үш мезгілге бөлгендігін айтады.

Бұл уақыттардың бірі құлшылыққа, екіншісі халықтың ісіне, ал, үшіншісі өз қажетіне бөлінеді баспа үйі екен.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) түн ортасында немесе түн ортасы ауған шақта тұрып, жастығының жанына қойған мисуакпен тісінысқылайды екен, сосын дәрет алып, тахажжүд намазын оқып, біраз уақыт ғибадат істерімен айналысқан. Бұдан кейін таң намазын оқу үшін мешітке баратын болған.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) таң намазынан кейін жайнамазының үстіне жатып, күн шыққанша тынығып алып, сосын келгендерді қабылдай бастайтын. Жан-жақтан келген адамдар Оның қасына жиналатын. Ал, Ол оларға уағыз бен насихат айтатын. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) зиярат етушілердің көрген түстеріне дейін тыңдап, осылайша олардың әр түрлі діни және күнделікті тіршіліктерімен айналысатын еді.

Кейбір риуаяттар бойынша Расулалланың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дұха уақытында төрт рәкағат немесе сегіз рәкағат намаз оқып, үйіне барып, үй шаруаларымен айналысып, киімдерін жамап, аяқ-киімдерін жөндеп, малдарын сауатын. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екінті намазынан кейін әйелдеріне жеке-жеке кіріп, қал-жағдайларын сұрайтын, ал түнде әйелдерінің бірінің баспа үйі қасында өткізетін. Басқа әйелдері түнді бірге өткізетін әйелінің қасында жиналып, құптан намазына дейін сол жерде болатын. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) құптан намазын оқып болған соң үйіне оралатын, ал әйелдері бөлмелеріне тарап тынығатын еді. Құптан намазынан кейін бөлмесінде Құраннан «Исра», «Зүмәр», «Хадид», «Тағабұн» және «Жұма» сүрелерінің бірін оқитын. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әр намаз үшін бөлек дәрет алуға тырысатын. Кейде бірдәретпен бірнеше намазын оқыған кезі де болған. Мысалы, Меккені алған кезде бір дәретпен бірнеше намазын оқыған еді.

Хазіреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүннет пен нәпіл намаздарын көбіне үйінде оқитын, ал парыз болған намаздарды мешітте ұзақ сүрелермен оқитын еді.

материал «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) және Оның күнделікті іс-әрекеттері» кітабынан алынды,

sunna.kz .

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.