Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астанада «Халал Даму» мамандарының жиыны өтті

0 417

Елордада ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлының төрағалығымен «Халал Даму» мекемесінің өңірдегі өкілдерінің атқарылған жұмыс есебі тыңдалды. Жиынға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен мекеме қызметкерлері қатысты.

Жиында облыстарда жүргізілген жұмыстардың есептік көрсеткіштері, заңсыз пайдаланушыларға қатысты қолданылатын шаралар, құжат жүргізу тәртіптерінің қадағалану мәселелері қозғалды.

«Халал – тәннің саулығы, жанның азығы, шариғаттың талабы. Халал өндірісінің дамуы мен адал өнімге деген ел сұранысының артуы отандық халал нарығының бәсекеге қабілетінің көрінісі. «Халал Даму» – еліміздегі жан-жақты кәсіби мамандарды біріктірген, Діни басқарманың басты бағыты бойынша жұмыс жасайтын мекеме. Соның бір көрінісі – кеше бастау алған «HALAL EXPO-2022» көрмесі. Отандық тұтынушылар мен шетелдік қонақтардың, түрлі кәсіпкерлердің басын қосқан мұндай игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін» деген Ершат Оңғар өкілдердің есебін тыңдап, халалды дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғысын білдірді.

Айбек Асқарбекұлы атқарылған шаралар мен үздік нәтижелерге алғысын білдіре отырып, сертификаттау процесін одан әрі жетілдіруді және іс-қағаз жүргізу бағытын жүйелендіруді тапсырды. Сонымен қатар ветеринарлық санитария ісі, тағам қауіпсіздігі, халал медициналық препараттар, зиянды тағам өндірісінің адам ағзасына әсері т.б өзекті тақырыптар бойынша өкілдерге оқу-семинар өткізілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.