Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт имамдарына қызметтік үй берілді

0 459

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында осыдан бір жыл бұрын құрылысы басталған қызметтік баспананың кілті мешіт имамдарына табысталды.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында бастау алған бұл 599 және 600-пәтерлердің құрылысы жанашыр жамағаттың, жомарт кәсіпкерлердің атсалысуымен аяқталды.

Салтанатты шараға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы, БҚО бас имамы Бақытжан Сабралиев, қайырымдылық қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша жауапты маманы Темірбек Пернебекұлы, Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алтынбек Саркулов және мешіт жамағаты қатысты.

Қызметтік пәтердің салынуына атсалысқан бірқатар кәсіпкерге бас имам Бақытжан Құралбайұлының атынан алғыс хаттар мен Алланың кәләмі Құран кітабы табысталды. Сондай-ақ мешіт жанашыры, баспананың құрылысына қосқан үлесі үшін Ербол Камаловқа Жаңақорған шипажайына жолдама берілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.