Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әйел-қыздар секторы квиз ойын жарысын өткізді

0 698

ҚМДБ Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Алматы қаласы əйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Мәуліт айының құрметіне орай екі дүниенің сардары, адамзаттың асыл тәжі, соңғы елші, ардақты да сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) өмірбаянынан жастар арасындағы КВИЗ ойын жарысы өткізілді.


Мәуліт кеші Құран тіләуәтімен ашылып, ҚМДБ əйел-қыздар секторының Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызының жарысқа қатысушыларға сәттілік тілегімен сайыс басталды. Бес бөлімнен тұратын КВИЗ ойын жарысына Алматы Орталық мешітінен “Кәусар” тобы, Әуезов ауданы атынан “Сыддық” тобы, Алатау ауданынан “Мұстақим” тобы және Бостандық ауданынан “Зерде” тобы қатысты. Әр топта төрт қатысушыдан болды. Бұл төрт жарысушы топтарға “Әл Хамид” мешітінің ұстазы, “Имани Гүл” діни тəлім-тəрбие орталығының басшысы Жұмагүл Халилуллақызы, “Ақсай” мешітінің ұстазы Рахия Адамбекқызы, “Д.Қонаев” мешітінің ұстазы Ғалия Әділханқызы және “Төле би” мешітінің ұстазы Əділханова Жансая төрешілік жасап, əділ қазылар алқасы құрамында болды.

Ұйымдастырылып отырған КВИЗ жарыс ойыны сайыспен шектелмей ұстаздардан уағыз-насихат айтылып, “Пайғамбарға сағыныш” атты иләһи әні де орындалды. Келген қонақтарға Пайғамбарымыздың өмірбаянынан сұрақтар қойылып, сыйлықтар таратылды. Жеңімпазды анықтау үшін КВИЗ жарыс ойынының нәтижесін әділқазы алқалары командалардың жинаған ұпайларын есептеп шешімін шығарды. Марапаттау рәсіміне Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысып, Пайғамбар өмірін үлгі еткен шәкірт-жастарға алғысын білдірді. Жүзден жүйрік шығып, жоғары ұпай жинаған “Кәусар” тобына  1 000 000 теңге сертификатын табыстады. Екінші орын алған “Сыддық” тобына 160 000 мың теңге, үшінші орынға ие болған “Зерде” тобына 80 000 мың теңге, төртінші орынға ие болған “Мұстақим” тобына 40 000 мың теңге көлемінде қаражат сертификаты табысталды. “Сайыс өткізудегі мақсат жас шәкірттер арасында ислам тарихына бойлап, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты ғұмырынан тәлім алуды насихаттау болмақ”, – деді Алматы қаласы бойынша әйел-қыздар секторының меңгерушісі Гүлмира Ілесбайқызы.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.