Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті Мәуліт кешін өткізді

0 638

Бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жанынан құрылған Аналар мектебімін ұйымдастыруымен Мәуліт кеші өткізілді.Мешіт ұстазы Айгүл Көксегенқызы жетекшілік ететін Аналар мектебі әйел жамағатына «Пайғамбарлар мөрі» деп аталатын рухани кеш ұйымдастырды. Рухани кеште мешіттің әйел жамағатына және құрметті қонақтарға арналған дастархан жайылып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қадір-қасиеті туралы ғибратты оқиғалар баяндалды.

Ізгілік кешіне «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы, «Әзірет сұлтан» мешітіннің наиб имамы Әділхан Серікбай, және республикалық Бас мешіттің ұстазы Мұртаза Балахмет қатысты. Қасиетті Құран Кәрім аяттарынан басталған кеште арнайы мәуліт оқылды, әйел жамағатына мағыналы насихат айтылды.

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі, ұстаз Динара Құтқожақызы құттықтау сөз сөйледі. «Әзірет сұлтан» мешітіннің ұстазы Қыдырмина  Әсел Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмір тарихынан үлгі аларлық мысалдарды тілге тиек етті.

Кеш соңында елорда мешіттерінің ұстаздары мен арнайы келген қонақтарға сый-сияпат табысталды.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.