Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Имамдарға куәлік табысталды

0 209

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында қыркүйек-қазан айларында білім алған 50 имамға куәлік табысталды. Ислам институтының директоры Серікбай қажы Ораз еліміздің әр аймағынан келген имамдарға елімізге, дінімізге Алла разылығы үшін қызмет етудің маңыздылығы туралы насихат айтты. Институт бағдарламасына сәйкес имамдар Құран, фиқһ, ақида және басқа да пәндер бойынша дәріс алып, Алматы мешіттерінде жұма намазын өткізді. Айта кетейік, оқу барысында имамдар дәстүр бойынша бірнеше рет Құран Хатым жасап, еліміздің тыныштығы үшін дұға етті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.