ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров Алматы Орталық мешітінде өкілдікке қарасты және облыстың әйел ұстаздарына дәріс оқыды.
Батыржан Берденұлы Алматы қаласына екі күндік іс-сапары аясында әйел жамағатымен кездесіп, бүгінгі таңда жамағатқа уағыз-насихат жүргізудің тәсілдерін түсіндірді. «Мүфтият бекіткен жеті бағыттың уағыз-насихат бағыты қоғамда зор маңызға ие» – деп атап өтті бөлім меңгерушісі.
Сонымен қатар мешіттерде уағыз-насихат, дәріс жүргізу кестелерін құру, ақпараттық-насихаттық хабарламаларын таратып, уағыз айтуда тиімді тақырыптарды пайдалану жайлы ұсыныс-пікірін айтты.
Дәріс соңында Алматы Орталық мешіті әжелер тобының құран хатым батасын жасап, ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға оқылды.