Астана қаласындағы «Сәдуақас Ғылмани» мешітінде Елорда имамдарының кезекті жалпы жиналысы өтті. Қала бас имамы Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен өткен алқалы жиынға Астана қаласы мешіттерінің бас имамдары қатысып, жыл бойғы жұмыстары талқыланды.
Жиналыс аясында ҚМДБ бекіткен жеті бағыт бойынша жауапты имамдарға сөз беріліп, жылдық есепке дайындық барысы пысықталды.