Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Пәтуа мамандарына арналған семинар қорытындыланды

0 182

ҚМДБ ғимаратының Абай кітапханасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Діни басқарманың пәтуаға жауапты және діни ақпарат беру орталығы (Call орталық) мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинар мәресіне жетті.

Семинарды Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ашып беріп, одан ары наиб мүфти, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы «Цифрлық заманда – пәтуа берудің рөлімен маңыздылығы», «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев «Ислам экономикасында зекет және уақып қорларын басқарудың шариғи талаптары», ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары Бауыржан Абдуалиев пен Медет Құрсақов «Цифрлық заманда пәтуа берудің методикасы» және «Отбасылық құндылықтар (проблемалар, шешімдер)» тақырыбында дәріс оқыды.

Сондай-ақ БАҚ қызметкерлері – «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Хасан «Діни мәтіндер дайындаудың әдіс-тәсілдері», PR және SMM маманы Ернар Сеитахмет «Қоғам, дін және әлеуметтік желілер» тақырыптарында тренинг өткізді. Семинар соңында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы спикерлерге алғысын жеткізіп, Діни басқарманың пәтуаға және діни ақпарат беру орталығына жауапты мамандарға арнайы сертификат табыстады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.