Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алматыда республикалық конференция басталды

0 25

Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Береке бастауы – бірлікте» тақырыбында республикалық ғылыми-танымдық конференция басталды.

Айтулы жиын қасиетті Құран аятымен ашылып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бабалар рухына аят сауабын бағыштады. Осыдан кейін қоғамда бірлікті нығайтудың маңызы мен осы бағыт бойынша мүфтияттың атқарған жұмыстары жайлы әзірленген бейне ролик халық назарына ұсынылды.

Конференция жұмысына ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, жазушы Смағұл Елубай т.б. зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, дін қызметкерлері, шәкірттер мен студенттер қатысуда.

Конференцияда «Ислам – ынтымақ кепілі», «Бірлік – береке бастауы», «Құтты біліктегі тұтастық идеялогиясы» тақырыптарында зиялы қауым өкілдері баяндама жасайды. Айта кетсек, игі басқосу Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының діни қызмет аясында 2022 жылды «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы деп жариялаған бастамасына орай ұйымдастырылуда.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.