Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт ақсақалдары мен шәкірттеріне құрмет көрсетілді

0 282

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде  Құранға түскен 15 шәкіртке Құран Кәрім кітабын табыстау рәсімі өтті.

Құранды мүдірмей оқитын дәрежеге жеткен шәкірттерге мешіт тарапынан лайықты құрмет көрсетілді. Шараның мақсаты – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің діни сауат ашу сабақтарына қатысып, соңғы айда Құран Кәрімге түскен, Алла Тағаланың мейірімінен үміт етіп, діни білімімді арттырсам деген ниетпен келген шәкірттерді қанаттандыру.

Сондай-ақ, ізгі шара барысында мешіттің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы мешіт ақсақалдары мен мешіт қабырғасында өтетін шараларға атсалысып жүрген бірқатар жамағатқа арнайы Алғыс хат пен естелік сыйлықтарын табыстады.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.