Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт жамағатына ақ дастархан жайылып, уағыз айтылды

0 514

Әрбір мұсылман адамның өзінің мұсылман бауырының алдында белгілі бір орындауы тиіс амалдары мен ақысы бар. Осы тақырып аясында мешіт жамағатына көркем уағыз айтылып,  жамағатқа арналған дәстүрлі ақ дастархан жайылды. Уағыз барысында мешіттің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы сәлем бергенге сәлемін қайтару, шақырса шақыруына жауап беру, насихат айту, түшкірсе (Алла рахмет етсін! / мейірімін төксін! деп) дұға жасау, ауырса зиярат ету, жаназасына қатысу сынды мұсылманның өзінің мұсылман бауырының алдындағы ақыларын атап өтті.

Мұсылманның бауыры алдындағы ақылары туралы Ислам тарихынан, сахабалар өмірінен, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмір жолынан өсиеттерді тілге тиек етті.

Ақ дастарханнан дәм татып, көркем уағызбен сусындаған мешіт жамағаты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің басшылығы мен ұжымына өз алғыстарын білдірді.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.