Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Қостанай облысының әкімімен кездесті

0 446

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Құмар Ақсақаловпен кездесті.

Кездесуде өңірдегі діни ахуал сөз болып, келер жылдың жоспары талқыланды. Құмар Іргебайұлы аймақтағы діни тұрақтылықты сақтау, көне мешіттерді күтіп баптау, жалпы облыстағы имандылықты көтеру тұрғысынан атқарылуы тиіс жұмыстарға да тоқталып өтті.

Бас мүфти өз кезегінде аймақ басшысына алғысын жеткізіп, тарихи мешіттерді сақтап қалу қажеттігін, облыстағы медреселердің жағдайы, имамдардың әлеуметтік мәселесі де назарда екенін айтып өтті.

Кездесу соңында тараптар ортақ жұмыстарды бірге атқарып, рухани мәселелерде жан-жақты қолдау көрсетуге келісті.

Айта кетейік, Қостанай өңірінде қазіргі таңда Діни басқармаға қарасты 26 мешіт жұмыс істеп тұр. Облыс бойынша 73 дін қызметкері бар.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.