Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Аналар мектебі жастарға пайдалы шара өткізді

0 526

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жанынан құрылған Аналар мектебі дәстүрлі құндылықтарымызды жастар санасына сіңіру бағытында іс-шаралар өткізіп келеді.

Діни құндылықтармен қатар мен дәстүрлі мәдениетімізді меңгеру ұлттық бірегейлігіміздің көрінісі. Сол үшін де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмыс бағытының бірін «Дін мен дәстүр» деп атап отыр.

Осыған орай, Сәдуақас қажы Ғылмани мешіті Аналар мектебінің жұмысын жандандыруға мән беріп келеді.

Осы ретте әжелеріміз жас қыз-келіншектерге дәстүрлі төркөрпе тігудің қыр-сырын үйреткен арнайы мастер-клас өткізді.

Шараға Әйелдер жамағатының ұстазы Айгүл Көксеген және Аналар мектебінің өкілдері, қыз-келіншектер жамағаты қатысты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.