Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде оқырмандар клубы құрылды

0 364

Бүгінде діни білімнің ақ-қарасын ажыратумен қатар, мәдениетіміз бен тарихымызды, ұлттық руханиятымыздан хабардар болудың маңызы айырықша.

Бүгін ақшам намазынан кейін «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында құрылға клутың алғашқы отырысы өтті.

Ерлер және әйелдер тобы болып жеке-жеке жұмыс жасайтын клубқа ашылған сәттің өзінде 100-ге жуық оқырман тіркелген.

Клубтың басты мақсаты – мешіт жамағатына төл тарихымызды, мәдениетіміз бен дәстүріміз, дұрыс діни құндылықтарымызды насихаттау, жат ағымның алдын алып сауатты жамағат қалыптастыру. Сонымен бірге, ҚМДБ жанындағы «Мүфтият» баспасынан шыққан кітаптарды оқырманға таныстыру да клуб жұмысының бір бағыты болмақ.

Айта кететін бір жайт – клуб аясында тек діни кітаптар ғана оқытылмайды. «Он ғасыр жырлайды», «Үш анық» сияқты руханият жауһарлары да оқырмандарға ұсынылатын болады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.